Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбелік спортшылар әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

2019-11-18 188

Ережесіз спорттан ақтөбелік қос чемпион Бағдат Жұбаныш пен Дәурен Ермеков атақтарын қорғап қалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бағдат Жұбаныш ММА-ден Бахрейн Корольігінің астанасы Манамада өткен әлем чемпионатында тағы бір сәт алтын тағып әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Бұл байрақты бәсекеде 50 елден 500-ге жуық спортшы сынға түсті.

Тағы бір ақтөбелік спортшы Дәурен Ермеков панкратионнан Италияның Рим қаласында өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей жеңіске жетіп, екінші рет әлем чемпионы атанды. Дәрен алдағы уақытта Fight Night Global белдігі үшін ресейлік Владимир Минеевке қарсы жекпе-жек өткізеді.

Елдің туын көтеріп, әнұранын шырқатқан қос спортшы қаладағы «Еркін күш» жауынгерлік клубында жаттығады.