Ақтөбе облысының жаңалықтары

166 кәсіпкер жасөспірімдерге ішімдік сатқан

2019-11-15 257

Облыста баласын қараусыз қалдырған 27 адам ата-аналық құқынан айрылды және бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 137 ата-ана  жауапқа тартылған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері ұстаздармен бірлесіп, 600-ге жуық қолайсыз отбасының тұрмыстық мекен жайын тексерген.

"Жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауына жол берген 90 ойын-сауық мекемесінің иесі және 21 жасқа толмаған жасөспірімдерге  ішімдік сатқан 166 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда 486 құжат қаралып, төрт жасөспірім арнайы мектепке жөнелтілді. Балаларды қараусыз қалдырған 27 адам ата-аналық құқынан айрылып, 137 ата-ана тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершеліккке тартылды. 700-ден астам бала тәрбиелеп отырған қолайсыз отбасылармен жұмыстар жүргізілді",-дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.

Тәртіп сақшылары оқушы бұзақылығын жасырған ұстаздардың да жауапқа тартылатынын ескертті.

Облыста кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасап жүрген  114 мектеп инспекторы бар. Олар 442 білім беру мекемелеріне бекітілген.