Ақтөбе облысының жаңалықтары

Оразалин ел қаһармандарын марапаттады

2019-11-15 255

Сын сағатта ерлік көрсеткен полиция қызметкерлеріне арналған «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акция Ақтөбеде өтті,-деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шараға елміздің түкпір-түкпірінен ерлік көрсеткен 14 полиция қызметкерлері шақырылған. Қылмыскерлерді ұстап, суға кеткен, өртте қалған адамдарды құтқарған полицейлер марапатталды.

«Ерлік еш уақытта ұмтылмайды. Бүгінгі акцияның мақсаты ерлік пен батырлықты насихаттау. Өскелең жас ұрпаққа отансүйгіштік сезім мен патриоттық рухты беру. Даму – тұрақтылық пен тыныштық кезінде ғана болады. Қоғамдағы үйлесімділіктің маңызы зор. Мәртебелі іс жасап жүрген  полицияның қызметі қауіп пен қатерге толы екені жасырын емес. Қоғамның тыныштығы жолында өздерін құрбан еткен батырларымыз аз емес»,-деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Салтанатты шараға Атырау облысынан арнайы шақырылған Шалхар Ақымғалиевтың анасы да келді. Суға кеткен бойжеткенді құтқарып, өз өмірімен қоштасқан батырдың анасына «Қазіргі заман қаһарманы» акциясының естелігі берілді.