Ақтөбе облысының жаңалықтары

Мәскеуде көппәтерлі тұрғын үйде жарылыс болып, 50 адам эвакуацияланды

2019-11-15 233

Мәскеудің батысында көппәтерлі тұрғын үйде жарылыс болып, соңы өртке ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Удальцов көшесі, 16 үйде жарылыс болып, соның салдарынан пәтерлер арасындағы қоршаулар қираған. 17 адам құтқарылды», - деді «ТАСС» агенттігінің дереккөзі.

Оның айтуынша, үйден 50 адам эвакуацияланды. Жарылыстан кейін өрт шыққан.

Жедел қызметтегі дереккөз де екі адамның зардап шеккенін хабарлады.

Мәскеу ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-7 қабаттарда балконнан өрт шыққан.

«Өрт ауыздықталды, жалын 60 шаршы метр аумақты қамтыған», - деп хабарлады ведомстводан.