Ақтөбе облысының жаңалықтары

Прокурорлар жұмысшылардың сыйақысын өндіріп берді

2019-11-15 189

Хромтау аудандық прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аудандағы "БШПУ-Қазақстан" ЖШС-і жұмысшыларын ынталандыруға бөлген 35 миллион теңге ақшаны бере алмай, қарыз болып қалды. Прокурорлар тексеруінен соң облыстық еңбек инспекциясы басқармасы компанияны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 87 бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жұмыс берушіге 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кетейік, аудан прокуратурасының көмегімен 212 адамның конституциялық құқығыы қорғалып, олар сыйақысын алды.