Ақтөбе облысының жаңалықтары

Дәрігердің қызметі сізге ұнады ма?

2019-11-14 319

Медициналық мекемелердің қызметін бағалауға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ақтөбе өңіріндегі барлық медициналық мекемелерде арнайы QR кодтар орналастырылды. Оны сканерлеу арқылы сауалнамаға өтуге болады. Сауалнама сұрақтарына жауап беру арқылы медициналық ұйым туралы пікір қалдыра аласыз деп хабарлайды, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры», - Ке АҚ АОФ директоры Гүлмира Қожаниязова.

Сондай-ақ, қазіргі таңда елде емдеуші дәрігердің қызметіне баға беру арқылы дәрігерлердің рейтингін қалыптастыру мәселесі қаралып жатыр. Мұндағы мақсат медициналық мекемелер үшін жаңа сапа стандараттарын енгізу. Тұрғындардың сұраныстары мен талапатарын негізге ала отырып, жайлылық деңгейін арттыру. Мемлекеттік медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын жекеменшік клиникалардың деңгейіне жеткізу.