Ақтөбе облысының жаңалықтары

Еліміздің ең мықты палуандары Ақтөбеде белдесіп жатыр

2019-11-14 197

Кеше Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған еркін күрестен ашық республикалық турнир басталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әр өңірдің үздіктері жиналған турнирге екі жүзге жуық спортшы келген. Жасөспірімдер арасында өткізіліп жатырған дода жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатыр. Халықаралық талапқа сай өткізілетін кешенді шарада палуандар он екі салмақ дәрежесі бойынша күреседі. Бұл жолы боз кілемде Ақтөбе намысын үш команда қорғайды.

«Жүлделі орындарды алған балалар спорт шеберіне үміткер деген аттақа ие болады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында еркін күрестің жағдайы өте тамаша. Бұл спорт түрі бойынша олимпиадаға бірінші болып жолдама алған Нұрислам Санаев, грек-римнен Мейрамбек Айнағұлов және Юсуп Батырмурзаев сынды спортшыларымыз да осындай турнирде өнер көрсеткен. Бұл жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға үлкен мүмкіндік», -  деді №4 облыстық мамндандырылған балалар жасөспірімдер олимипада резерві мектебінің директоры Болат Еңсепбаев.

Турнир қарашаның он бесіне дейін жалғасады. Жеңімпаздар спорт шеберіне үміткер атағын алып, кубоктармен және медальдармен марапатталатын болады.