Ақтөбе облысының жаңалықтары

Денсаулық мектебіне келіп шылым шегуді тастағандар бар

2019-11-12 200

Облыс тұрғындарының арасында денсаулық мектептеріне өз еркімен қатысушылар көбейген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Денсаулық мектебіне келушілердің арасында жүректің артериалды гипертония және ишемиялық ауруы мектебіне қатысушылар көп. Мұндай мектептер облыстың барлық ауруханаларында жұмыс жасап тұр. Салауатты өмір салтын насихаттаған мамандар бір бағытта шектелмейтінін айтады.

"Барлық мектепте жан-жақты ақпарат бар. Қүн салқындаған кезде тұмаудың алдын алуға қатысты мәліметтер беріледі.  Мектепте адамдарға өз денсаулығын бақылау үшін күнделік жазуды үйретеміз. Денсаулық мектебіне шылым шегуді қойғысы келіп жүргендер келеді. Олардың санын көп деп айта алмаймын. Нәтиже бар. Әр емханада мамандармен бірге денсаулығын бақылауға алған 1-2 адам темекі тартудан бас тартады",-дейді дәрігер Алмагүл Айтқұлова.

Облыста 239 денсаулық мектебі бар. Олар тоғыз бағытта жұмыс жасайды: қант диабеті, бронх демікпесі, жүректің артериалды гипертония және ишемиялық ауруы, босануға дайындық, отбасын жоспарлау, жас ана, дені сау бала, ұзақ өмір сүру, дені сау бала.