Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жасыл желектерді түгендеудің себебі түсіндірілді

2019-11-12 207

Ақтөбе қаласында бір жарым жылдың ішінде барлық жасыл желектер түгенделіп, мәліметтер электронды базаға енгізілмек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мәскеу қаласынан арнайы келген мамандар ақтөбеліктерге не себептен тал-теректі түгендеу керектігін түсіндірді. Олардың сөзінше, жүйеленген мәліметтер жасыл желектің күтіміне бөлінетін қаржыны дәлме-дәл есептеуге көмектеседі.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары жыл сайын тал-терек күтіміне қарастырылатын қаржының мардымсыз бөлінетінін мойындады.

«Келесі жылғы бюджетке 90 мың талдың күтімі ғана есепке алынады. Алайда қала бойынша шамамен 300 мың тал-терек өсіп тұр. Министрлік бекіткен ережеге сәйкес, бір талдың күтіміне 13 мың теңге бөлінуі керек. Бірақ іс жүзінде бір талға 4500 теңге ғана жұмсалады», - деді бөлімнің сектор меңгерушісі Хасен Юсупов.