Ақтөбе облысының жаңалықтары

Драма театрға жаңа басшы тағайындалды

2019-11-12 216

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры директорының міндетін атқарушы болып Олжас Ибраев тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Олжас Ибраев елордамыздағы Қазақ ұлттық өнер университетіндегі халық әртісі Гүлжан Аспетованың шеберханасында драма театр және кино актері мамандығында жоғары білім алған.  Сонымен қатар аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару саласын да меңгерген. 2013 жылы «Хабар» агенттігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық «Жігіт сұлтаны - 2013» тележобасының жеңімпазы бас жүлде  иегері атанған. Еңбек жолын «Хабар» арнасындағы «Менің жерім» атты Қазақстанның тарихи-өлкетану мұралары туралы бағдарламаның тележүргізушісі болып бастап, «Астана Мюзикл»  мемлекеттік театрының труппа меңгерушісі, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Шығармашылық бөлім» және «Халықаралық қатынастар және гастрольдер» бөлімінің басшысы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұлттық өнер факультетінің деканы болып қызмет атқарған. Сондай-ақ, еліміздің кино индустриясына да өз үлесін қосып, «Айжан», «Шекара» сынды сериалдардан бөлек «Әли» фильмінде басты кейіпкердің рөлін сомдады. Соңғы жылдары көптеген халықаралық, республикалық театр фестивальдерін ұйымдастыруға атсалысып, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мен «Астана Мюзикл» мемлекеттік театры артистерінің қатысуымен өткен Францияның Авиньон қаласындағы «Avignon off» Халықаралық театр фестиваліне, Түркияның Адана қаласында өткен «V Халықаралық түрік халықтарының театр фестивалі» жобасына М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұжымына жетекшілік етіп, еліміздің атынан қатысып, тәжірибе жинақтады.