Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жертөлесі кәріз суға толған үйдің тұрғындары әкімге алғыс айтуда

2019-11-11 227

Шаһар басшысы Мавр Абдуллин Қонаев 3В мекенжайы бойынша орналасқан үйдің мәселесімен танысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сенбі күні қала әкімі Мавр Абдуллин кәріз жүйесінде ақау болған үйдің ауласында көшпелі кеңес өткізіп, мәселенің мән-жайын анықтады. Белгілі болғандай, кәріз жүйесін салғанда техникалық талаптар орындалмаған. Соның салдарынан кәріз сулары жертөлеге қарай ағылған.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары жаңа су сорғыш орнатып, жертөлені судан тазартқан болатын. Осы аптада кәріз жүйесі «Ақбұлақ» АҚ-ына сенімгерлік басқаруға беріледі.

Ұзақ уақыт бойы шешімін таппай жүрген мәселенің нүктесін қойған қала әкіміне тұрғындар алғыс білдіруде. Олардың сөзінше, кәріз жүйесі кімге тиесілі, оған кім жауапты екенін анықтай алмай жүрген.