Ақтөбе облысының жаңалықтары

Мүгедек жандар сахнада танымал әншілермен бірге өнер көрсетті

2019-11-11 196

Мүмкіндігі шектеулі жастар мен кәсіби әншілердің қатысуымен «Екі жұлдыз» шығармшалық гала концерті өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет үйінің сахнасында кәсіби әншілер мен мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған жұптар өнерлерін ортаға салды. «Екі жұлдыз» шығармашылық гала-концертіне қатысуға отыздан астам үміткер ниет білдірген.  Бұған дейін де өткен жобаға кезінде Марат Айтимиов, Светлана Айтбаева, Жұлдыз Нұрқасымова, Жадыра Арыстанова, Димаш Құдайбергенов сынды танымал өнер саңлақтары қатысып ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар және  мүгедек жастарға қолдау танытып бірге ән шырқаған. Дәстүрлі шараның биылғы кезеңіне де халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған танымал әншілер қатысты.

«Басында «Екі жұлдыз – 2019» гала-концертінің арнайы ережесі жасақталып, әлеуметтік мекемелерге таратылды. Арнайы конкурстың нәтижесінде қала және аудан көлемінен отызға жуық үміткерден аудио және видео ұсыныстар түсті. Соның ішінен сегізін таңдап алып облысымыздағы танымал әншілермен сахналық жұп құрдық. Бұл шара инклюзивті шығармашылықты дамытуды мақсат етеді. Ән, өнер арқылы мүгедек жандарды мәдени ортаға, жалпы қоғамға тартуды көздейміз», - дейді Ақтөбе қалалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының атқарушы директоры Гүлмирам Сражова