Ақтөбе облысының жаңалықтары

Шетелдіктер Ақтөбеде тіс салдырады

2019-11-08 110

Жерлестерінің жоғары бағасын алып жүрген ақтөбелік тіс дәрігерін Германия, Грузия, Польша тұрғындары іздеп келеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ел үміті» марафонында ақтөбелік тіс дәрігері Арман Сәкішевтің жетістігі көпке үлгі болды. Ол өңірдегі қызметі сапалы, сұранысы жоғары тіс дәрігерлерінің бірі.  Жерлестерінің шетел жағалап ем алып жүргеніне намыстанған жас маман заманауи техникамен жабдықталған «Дентал» орталығын ашты. Нарықта он жылға жуық қызмет көрсетіп келе жатқан орталықта қазір шетелдіктер тұрақты тұтынушы болып жүр.

«Елімізде шетелге барып ем алушылар көп. Соны өзіме намыс көрдім. Сол себепті жұмысымды бел буып кәсіпке айналдырдым. Қазір Ақтөбе қаласында екі, Орал және Атырау қалаларында филиалымыз жұмыс жасап тұр. Цифрлық стоматологиямызда 120 –дан аса қызметкеріміз бар. Қазір біздің емханамызға туризммен шетелден емделушілер келеді. Яндекс, Instagram  арқылы байланыс орнатып, Польша Германия, Грузия, Ресей елінен емделушілер жиі келіп жүр»,-дейді Арман Сәкішев.