Ақтөбе облысының жаңалықтары

Пешке сақ болыңыз!

2019-11-07 135

ТЖД мамандары жылыту маусымында өрттен абай болуға шақырады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қаладағы құтқару қызметі жеке үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерін ескертіп жүр. Мамандар жылыту маусымы басталысымен, жеке үйлердегі өрт оқиғаларының жиі тіркелетінін айтады.

«Тұрғындардың көпшілігі ескерту жұмыстарын елей бермейді. Қарапайым мұржаны күлден тазарту жұмыстарын жүргізбейтіндер бар. Жылыту пештерін ашық ұстамау және балаларды пеш жанатын үйде қараусыз қалдырмауды қатаң ескертеміз»,-дейді қалалық ТЖБ басшысы Айбат Жаңабергенов.

Жыл басынан бері облыста 779 өрт оқиғасы тіркелген. Оқиға салдарынан он адам зардап шегіп, 8 адам қаза тапқан. Оның біреуі бала.