Ақтөбе облысының жаңалықтары

Бизнесті қолдауға бөлінетін мемлекет қаражаты 1,5 есеге ұлғаяды

2019-11-06 112

«Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасы әзірленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнестік жол картасы -2020» осы жылы аяқталады. Сондықтан бағдарламаның жаңа жобасы әзірленді. Жобада мақсаттар мен міндеттер сақталды, қолдау құралдары жетілдірілді. Олардың тиімділі мен қолжетімділігі артты. Бірінші, айналым қаражаттың несиелеу көлемі 60 млн-нан 360 млн теңгеге дейін ұлғаяды. Екінші, несиелердің қолжетімділігі арттырылуда. Ол үшін микроқаржы ұйымдарды субсидиялау және кепілдендіру енгізіледі. Үшінші, кәсіпкерлерге жұмыспен қамту және салық түсімдерін арттыру талабы жетілдірілді. Төртінші, кәсіпкерлерді әр сатыда сүйемелеу күшейтіледі. Бұл: оқыту, несие, қолдау алу үшін тиісті құжаттарды дайындау және тауарларды өткізу жолдарын ұйымдастыру«, - деді »Бизнестің жол картасы - 2025« мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын таныстырған Руслан Дәленов.

Оның дерегінше, бағдарламаның келесі кезеңіне 421 млрд теңге қарастырылған. Қаржыландыру өткен бесжылдық кезеңге қарағанда 1,5 есеге ұлғайды. »Бизнестің жол картасы 2025« бағдарламасында нысаналы индикаторлар көзделген. Олар еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес келеді. Ол ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін кем дегенде 35 пайызға, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 13,4 пайызға жеткізу болып белгіленген.

»ШОБ-тың үдемелі дамуы экономиканың сапалы өзгеруіне ықпал етеді. Бұл үшін қажетті шаралар қабылдануда. Бизнесті жүргізу шарттары түбегейлі жақсарады. Кедергілер төмендетіліп, рұқсат беру құжаттарының тізбесі қысқарады. Шағын және орта бизесті ынталандыру шаралары қабылдануда. Біздің міндетіміз - іскерлік ортаны жетілдіру. Бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді. 2025 жылы экономиканың 3/1-ден астамы ШОБ-қа тиесілі болады. Ал 2050 жылға қарай ШОБ ЖІӨ-нің жартысын құрайды«, - деді министр.