Ақтөбе облысының жаңалықтары

Тәжікстан шекарасында қарулы топтың 15 мүшесінің көзі жойылды

2019-11-06 31

Тәжікстанда қарулы топ «Ишкабад» шекара заставасына шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тәжікстанның «Ховар» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерінің баспасөз орталығының мәліметінше, 2019 жылы 6 қарашаға қараған түні сағат 03:23-те белгісіз 20 адамнан тұратын қарулы топ «Сұлтанабад» шекара отряды әскери бөлімінің №4 «Ишкабад» шекара заставасына шабуыл жасаған.

«Қақтығыс кезінде олар 5 атыс қаруын қолға түсірген (модернизацияланған Калашников мылтығы). Күш құрылымдарының жедел әрекет етуінің арқасында қоршауға алынған қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, 5-еуі қамауға алынды. Атыс кезінде Шекара әскерлерінің 1 әскери қызметкері мен ТР Ішкі істер министрлігінің 1 қызметкері қаза тапты», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы құрылып, тергеу амалдары жүргізілуде.