Ақтөбе облысының жаңалықтары

«Жасыл елдің» үздіктері Нұр – Сұлтан қаласына жолдама алды

2019-11-05 64

Бүгін «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы жұмысты қорытындылап, үздіктерге жолдама берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін Шығармашылық академиясында жеті номиция бойынша үздіктер марапатталды. Олар: «Үздік жасақ» - Мағаджан тәлім бағы, «Үздік жоғары оқу орны» - С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, «Үздік орта оқу орны» - Ақтөбе автожол колледжі, «Үздік жұмыс беруші» - «Қарғалы Сервис» ЖШС, «Үздік командир» – Ақтөбе политехникалық колледжінің студенті Айсұлу Тағабергенова, «Үздік аудан» - Қобда. Сонымен қатар үздік 80 студентке Нұр Сұлтан қаласына жолдама берілді. Олар үш күн бойы Елорданың мәдени-танымдық орындарына аралайды. Бәрі тегін.

«Медциналық университеттің студентімін. Жаздың екі айында көшені абаттандыру, тазалау, ағаш суару жұмыстарын жүргіздік. Жұмыс қиын болды деп айта алмаймын», - деді «Жасыл ел» жасағы Алтынгүл Тарғын.