Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбе облысы АИТВ жұқпасының таралуы бойынша ең төменгі орында

2019-11-05 82

Өңірдің әр жүз мың тұрғынына шаққанда жұқпаның таралу көрсеткіші жалпы республикалық көрсеткіштен төрт есе төмен, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгіннен бастап бір айдың көлемінде АИТВ жұқпасын алдын алуға бағытталған ауқымды іс шаралар өткізіледі. Облыстың барлық емханаларында ашық есік күндері ұйымдастырылып, жедел тәсілмен тесеру жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде кез-келген азамат өзінде АИТВ жұқпасының бар-жоғын анықтай алады.

«Ашық есік күндері аясында психоәлеуметтік кеңес беру және жедел тәсілмен тескеру шаралары өтеді. Жедел тәсіл тек қана негізгі топпен емес, халық арасында да ұйымдастырылады. Алдын-алу шараларын көбіне жастар арасында жасаймыз. Өйткені, бұл топта вирусты жыныстық жолмен жұқтыратындар көп тіркеледі. Биылғы жылдың он айының қорытындысында тексерілгендердің ішінде 37 адамнан АИТВ жұқпасы анықталды. Олардың жас мөлшері 15 жас пен 64 жас аралығы. Статистика негізінде біздің өңір жұқпаның таралуы бойынша он төртінші орында», - дейді Ақтөбе облысытық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда облыста АИТВ жұқпасы бойынша диспансерлік есепте 266 адам тұр. Олардың 85 пайызы халықаралық стандарттарға сайкес қажетті ретовирусқа қарсы ем алады.