Ақтөбе облысының жаңалықтары

Облыс әкімі жастарды мал шаруашылығын дамытуға шақырды

2019-11-05 72

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин «Жасыл ел» жасақтарының қорытынды жиынына қатысып, жастарды мал шаруашылығын заманауи технологиямен дамытуға шақырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

 

«Кемшіліктер сіздердің тараптан емес, үлкендерден, біздің өзімізден кетті. Кейбір аудандар студенттік құрылыс отрядын қажетті жұмыспен қамтамасыз ете алмады. Яғни, дайындық барысында алдын ала жоспарлау дұрыс болмады немесе мүлде жоспарлаған жоқ. Бұл жергілікті атқару орган басшыларына айтылған сын. Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мұғалжар, Хромтау ауданының әкімдері алдағы маусымда осы олқылықтарды алдағы маусымда қайталамауы тиіс. Ақтөбе қаласы бойынша мердігер компанияның есепшоты бұғатталып, жастар уақытылы жалақы төбенбеді. Бұл жерде жастардың кінәсі жоқ. Тапсырма уақытылы орындалса, сапасына сын болмаса еңбекақы уақытылы төленуі тиіс. Бұл жерде де атқарушы орган тарапынан кеткен кемшілік», - деп атап өтті облыс әкімі Оңдасын Оразалин. Өңір басшысы алдағы жылдары мұндай қателік қайталанса жауапты қызметкерлер жазаланбақ. Сонымен қатар «Жасыл ел» жасағын жұмысқа апару, үйіне қайта жеткізу жайы да келесі жылы қаралады.

«Жасыл ел» бағдарламасы жастарға, соның ішінде студенттерге жасалып жатқан үлкен мүмкіндік. Уақытты тиімді пайдаланады, ата-анаға қамқор болады, табыс табады. Жастар жылында көптеген іс атқарылды. Кәсіп ашуға несие, гранттар бөлінді. Осы іс әрі қарай өз жалғасын табуда. Соның ішінде жастарды ата кәсібіміз мал шаруашылығын заманауи технологияларды қолдана отырып дамытуға шақырамын. Менің өңір тұрғындарына «қаланы жанға, даланы малға толтырайық» деп айтқан бастамамды белсенді түрде қолдайсыздар деп үміт артамын», - деді әкім.