Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жолда қалған Тәжікстан азаматы көз жұмды

2019-11-05 68

Бүгін "Самара-Шымкент" тас жолында тұрған жолаушылардың бірі көз жұмды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 

Ақтөбелік полицейлер жолда қалған 63 жастағы жолаушының денесін Қарабұтақ​ құтқару бекетіне жеткізген.

"5 қараша күні Ақтөбе уақытымен сағат 6:40 шамасында Қарабұтақ құтқару бекетіне​ 1956 жылы туған Тәжікістан азаматы Хучамурод Баеновтің денесі жеткізілді. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол жылытылатын автобустың ішінде болған, үсіп кетуі мүмкін емес",-дейді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Автобус Ресейден Тәжікстанға қарай бағыт алған. Қазіргі уақытта медициналық экспертиза тағайындау жұмыстары жүріп жатыр.