Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

2019-11-04 90

Мұғалжар ауданындағы Ембі қаласының 6-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 27 қазан күні тіркелді. Жасөспірім өз үйінің ауласындағы қорада суицид жасаған. Ақтөбе облыстық полиция департаментің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы дерек бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Бала өлімінің себебі анықталып жатыр.

«Мектеп психологі жылдық жоспар құрып, ата-анамен, сынып жетекшісімен, балалармен сөйлесіп, сауалнама жүргізіп, талдау жасайды. Баланың ата-анасы, ата-әжесі бар, толық отбасыға жатады. Ешқандай тәуекелге ілікпеді. Сынып жетекшісінің айтуынша, бала күліп-ойнап, «4 қараша күні сабаққа келеміз» деп айтып кеткен екен. Оқиға күзгі демалыста болып тұр. Баланың үлгерімі орташа. Бұл жағдайға өзіміз де түсінбей отырмыз. Психолог маман 5 жылдан бері мектепте жұмыс істейді, тәжірибелі, суицидтің алдын алуға арналған семинарға да қатысып келген», - мектеп директоры Задагүл Болтаева.

Еске салсақ, 30 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында 13 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, аталмыш оқиға бойынша да сот алды тергеу жүргізілген болатын.