Ақтөбе облысының жаңалықтары

Қалада көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары жөнделеді

2019-11-04 92

2020 жылы қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Келер жылы 100 аулаға жөндеу жүргізіледі. Қазіргі кезде жобасы дайын. Асфальт жалымғысын алмастыру, балалардың ойын алаңы мен қоршаулар салу жұмысы жүргізіледі. Әрі аула жарықтандырылады», - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Руслан Төреғали.