Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбелік жастар тұрмыс тапшылығын тартқан аналарға арнап той жасап берді

2019-11-01 154

Ақтөбе қаласындағы «Қайырымды жандар» еріктілер тобы кезекті мерекесін жалғыз басты аналарға арнады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Игі іспен айналысып жүрген жастардың бұл кезекті қайырымдылық шарасы. Бұған дейін қарттар үйінің тұрғындарын арнап «100 ата-әже кеші», мүмкіндігі шектеулі жандарға «Нағыз батырлар тойы» сынды кештерді ұйымдастырып келе жатырған жастар бұл жолғы шараны жалғыз басты аналарға арнаған.

«Тағдыры ауыр тауқымет тапшылығын тартқан аналарға арнап кеш беруді бұрыннан жоспарлап едік. "Анаға тағызым" кешін ұйымдастыруымыздың себебі кең жүректі, мейрімді жүзді батыр аналарымыздың сусаған жүректері мен шаршаған жанарларына қуаныш сыйлайық деген ниет болды. Тобымыздың белсенділігінің нәтижесінде жиырма ана мен қырық бес балаға дастархан жайылып думанды той болды. Бұл шарамен тоқталып қалмаймыз. Алдағы уақытта да игі істер жалғасын табады», - дейді топ еріктісі Еламан Байғозин.