Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбедегі оқу орындары мен ірі кешендерінде мемлекеттік ту орнатылады

2019-10-31 192

«Менің туым, менің Отаным» патриоттық акциясы Ақтөбе өңірінде жалғасын тауып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жақында «Nur Otan» партиясының бастамасымен республикалық патриоттық акция басталған болатын. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек  Алматы қаласындағы «Медеу» спорт кешенінде алып туды орнату шарасына қатысып, рәміздерді құрметтеуге шақырды. Қазіргі таңда еліміздің әрбір өңірінде мемлекеттік туды насихаттау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бастаманы қолдауда ақтөбеліктер де белсенділік танытуда.

«Қазіргі күнге шейін Ақтөбе көлік коммуникация жаңа технологиялар және политехникалық, гуманитарлық колледждерінде ту көтерілді. Алдағы уақытта жоспар бойынша акция қос университет пен ірі сауда орталықтарында жалғасын табатын болады. Көк туымыз көкке желбірегенде тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген барлық жетістіктеріміз үшін кеудемізді мақтаныш сезімі кернеуі қажет», - дейді «Жас Отан» ЖҚ АОФ төрағасы Асылжан Бүркіталин.