Ақтөбе облысының жаңалықтары

Облыста «Екі жұлдыз» ән байқауы өтеді

2019-10-31 225

Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы мүмкіндігі шектеулі жандар мен өнер жұлдыздарына «Екі жұлдыз» байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Мүмкіндігі шектеулі, бірақ бойында күш-жігері бар талантты жастардың қатысуымен «Екі жұлдыз» байқауы өтеді. Мәдениет, жастар ісі жөніндегі басқармалары мен қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы бірігіп, жобаны қолға алды. Мемлекеттік қызметте жүргендермен қатар Света Айтбаева секілді танымал жұлдыздар қатысуға келісімін берді», - деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев.