Ақтөбе облысының жаңалықтары

Барлық емдеу орнында оңалту кабинеті ашылады

2019-10-31 174

Келер жылы облыстағы әрбір емдеу орнында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту кабинеті ашылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында 26 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан болса, олардың 3 мыңнан астамы бала. Балаларды оңалту жұмысын күшейту үшін өңірдегі барлық аурухана, емдеу орнында оңалту кабинеттері ашылатын болды.

«Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолжетімді оңалту кабинетімен қамтамасыз ету жұмысы қолға алынды. Мәселен, «Аяла» оңалту орталығына аудандағы балалардың келіп, жатып ем қабылдауы үшін  30 кереуетті стационар ашылды. Қазір жұмыс істеп тұр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.