Ақтөбе облысының жаңалықтары

Адасқан ақтөбелік тура жолға қалай түскенін айтып берді

2019-10-30 265

Қандыағаш қаласының тумасы Ермек Елтаев террозизмді насихаттағаны үшін жазасын өтеп шықты. Жас жігіт қатесін түсініп, өз басынан кешкен оқиға өзгелерге сабақ болуы үшін көпшілікке айтып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

29 жастағы Ермек Елтаев 2009 жылы мешіттен тыс жерлерде жиналып, террористік, экстремистік жолға шақырғандардың бейнематериалын тыңдап, насихаттайды. Бұл ісі үшін ол сотта айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл бостандыққа шығып, тура жолға түсті. Ол өзгелерге өмірі сабақ болсын деген ниетпен басынан кешкен кемшіліктерін айтып берді. 

Айта кетейік, «Сергелдең» бейнематериалын Мұғалжар аудандық жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы дайындады.