Ақтөбе облысының жаңалықтары

Прокурорлар полиция қызметкерлерін жауапкершілікке тартты

2019-10-29 185

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Талдау нәтижесінде құқық қорғау органдарының заңда көрсетілген алдын алу шарасын тиімді іске асыра алмай отырғаны белгілі болды. Мәселен, әйелдерді ұрып-соғатын ер адамдарға учаскелік инспекторлар қорғау нұсқамасын бермеген. Салдарына статистика өсіп кетті. Осы олқылығы үшін прокуратура 18 полиция қызметкерін жауапкершілікке тартты.

«Патрульдік маршрут қылмыстық жағдайға байланысты өзгеріп тұруы тиіс. Бірақ мұндай болмаған, тіпті бұған жауапты 4 полиция қызметкері Қазақстан аумағынан шығып кеткен. Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы қала әкімдігімен бірге құқық бұзушылықтың алдын алу жоспарын жасады. Жалпы жоспармен қатар жеке алдын алу шарасы да жүреді. Себебі полиция қызметкерлері нашақор, маскүнемдерді біледі, оларды мәжбүрлі түрде заң аясында емдеуге жіберу болады. Мәселен, сот актісіне сүйеніп бірнеше қалта ұрысы нашақорлықтан емделуге жіберілді. Жоспардың орындалуы бақылауға алынды», - деп хабарлады Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев.