Ақтөбе облысының жаңалықтары

«Нұрлы жер» бағдарламасымен берілетін пәтерлер көрсетілді

2019-10-29 239

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларға дайын баспаналарды көрсетті. Жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасымен бір мыңға жуық пәтер беріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Нұр Ақтөбедегі» №1 және №3 ықшам ауданда 3 және 9 қабатты тұрғын үйлерден пәтерлер сатылымға шықты. Салымшылар жаңа үйлердің құрылысымен танысуға мүмкіндік алды.

«Нұрлы жол» бағдарламасымен жыл соңына дейін бір мыңға жуық пәтер беріледі. 9 қабатты үйден пәтер алу үшін 1 қарашаға дейін өтініш беру тиіс. Ал таунхаустарға құжат 15 қарашаға дейін қабылданады. 1 бөлмелі пәтердің әр шаршы метрі 120 000 теңге, 2 бөлмелерге 135 мың, 3 бөлмелерде 130 мың теңге», - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиал өкілі Мақсат Заитов.