Ақтөбе облысының жаңалықтары

Құдайберген Жұбановтың еңбектері қайта басылып шықты

2019-10-28 214

Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін салушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбановтың 120, белгілі әдебиетші-ғалым Есет Жұбановтың 90 жылдығы өтіп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Университетте бүгін деректі фильм көрсетіліп, «Қ.Жұбанов әлемі» көрме галереясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар кітаптардың тұсаукесері болды. Бұл кітаптар бұрын шыққан, толықтырылып, оқырманға қайта ұсынылды.

«Құдайберген Жұбановтың еңбектері қайта жинақталып шығарылды. Мұнда ғалымның барлық ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар оқырман  назарынан тыс қалған, газет-жауналға жарияланған мақалалары енгізілді. Сыни корреспонденциялары, өлеңдері, әңгіме-памфлеті бар. Орыс тілінде жазылған «Из  истории  порядка  слов в  казахском предложении» еңбегі болгар, ағылшын және неміс, қазақ тіліне аударылып, жарық көрді. Сонымен қатар 16 елдің суретшісі ғалымның зерттеулері мен еңбегіне арнап көрме ұйымдастырды. Бұл Жұбановтар мұрасын халықаралық деңгейде танытудың жаңа үлгісі деп ойлаймыз», - филология факультетінің деканы Гүлзат Садирова.

Конференциясы Қ.Жұбановтың ұлы Асқар Жұбанов та қатысты. Ол әкесінің еңбектері әлі де іздеуді, зерттеуді қажет ететінін, мол мұрасының тек аз бөлігі сақталғанын айтып берді.

«Рабиға Сыздықованың айтуынша, әкем қолжазбасын 10 сериямен кітап етіп шығару үшін баспаға тапсырған екен. Қазір қолда тек екі сериясы бар. Ал 8 сериясының аты бар, заты жоқ. Қазір жас ғалымдар тауып алуға күш жұмсап жатыр. Кейбір еңбегі архивтен табылып қалады. Алдағы уақытта табылып, жарық көреді деп ойлаймын», - деді Асқар Жұбанов.