Ақтөбе облысының жаңалықтары

Мавр Абдуллин аялдамаларды салуға бөлінген қаржы туралы айтпады

2019-10-28 155

Қала әкімі бұған дейін бюджет қаржысы есебінен аялдама салуға қанша қаржы бөлінгенін айта алмады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Мен аялдамаға қанша қаржы бөлгенін нақты айта алмаймын. Себебі біз ол уақытта жұмыс істеген жоқпыз. Әрі қанша қаржы кетті деп тексерген де емеспін. Біле тұра айтпай отырған ештеңем жоқ. Тек қанша қаржы жұмсағанын құжат бойынша тексертіп көрген емеспін», - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қалада аялдамалардың тиімді нұсқасы таңдалып жатыр. Кез келген тұрғын қала әкімдігінің сайтына кіріп, дауыс бере алады. Алдағы уақытта аялдамалар орналасатын жер телімдері аукционға түсіп, кәсіпкерлерге жалға беріледі. Бір кәсіпкер орталықтан 5 аялдаманың орнын ұтып алса, оған қала маңындағы ауылдарға да павильон салу міндеттеледі. Қала бойынша қазір 40-тан астам аялдама сенімгерлік басқаруға берілген. Олар жарнама ілу арқылы табыс табуда.