Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде "Конфедерация – 2019" кубогына аймақтық іріктеу басталды

2019-10-28 124

138 спортшы Алматыда өтетін жарысқа жолдама алу үшін күш сынасып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кеше, «Жекпе – жек» спорт сарайында аймақтық конфедерация кубогына іріктеу жарысының ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі өтетін додаға Алматы, Ақмола, Атырау, Павлодар, Ақтөбе командалары қатысып жатыр. Грек-рим, еркін күрес, дзюдо, таеквондо, карате-до спорты түрлері бойынша 138 спортшы келген. Қатысушылар Халықаралық ережеге сәйкес бекітілген салмақ дәрежесі бойынша күреседі. Жеңімпаздар Алматы қаласында өтетеін жарысқа жолдама алады.