Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жұмысқа орналасу үшін миллион теңге беріп, алданып қалды

2019-10-25 298

Ақтөбеліктер алаяқтарға жиі алданып қалып жүр. Жыл басынан бері 900-ге жуық іс тіркелсе, оның жартысына жуығы интернет арқылы алдаған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сатып алу, сату кезінде алданып қалушылар саны күн санап артып келеді. Биыл 896 іс тіркелсе, оның 301-і интернет қызмет кезінде тіркелген.

"Қала тұрғыны маусым-шілде айында елордалыққа 1 миллион теңге аударып жіберген. Ол осы арқылы жұмысқа орналаспақ болды. Ақшаны екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасы арқылы аударған екен. Дәл осындай мысал көп. Мәселен, sayda.halykka.komek парақшасына бір тұрғын 35 900 теңге аударып жіберген. Жарнамада ақшаны екі еселеп алуға болатыны айтылған. Мұның бәрі жалған хабарлама", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы бір тұрғын Telegram, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы қор биржасына инвестиция салып, ақшаны еселеу үшін 1,5 миллион теңге аударып жіберген. Жәбірленуші әр кезеңде 500 мың теңгеден салып отырған. Қазір осы істер бойынша Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды.