Ақтөбе облысының жаңалықтары

Қазақстан құс тұмауынан таза ел деп танылды

2019-10-23 230

Бүгін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (МЭБ) ресми сайтында Қазақстан құс тұмауынан таза ел деп танылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бұл - Қазақстан Республикасының барлық ветеринарлық қызметінің, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ұжымдарының үлкен еңбегі. Құс шаруашылығы саласы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің маңызды құрамдас бөлігі, оның негізгі бағыттары — жұмыртқа және ет өнімдері» делінген хабарламада.

Құс тұмауынан таза ел мәртебесі еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін іске асыруға үлкен мүмкіндік береді және Қазақстанның экономикалық дамуы мен имиджіне оң әсерін тигізетіні анық.

«Мұны Мемлекет басшысының жаңа нарықтарды ашу туралы тапсырмасын орындау мақсатында атқарылған жұмыстардың алғашқы көрінісі деп атауға болады» дейді минитсрліктен.