Ақтөбе облысының жаңалықтары

Нейрохирургтер «Ласковый май» тобының продюсеріне шұғыл көмек көрсетті

2019-10-23 215

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің нейрохирургтері «Ласковый май» тобының продюсері Андрей Разинге көмек көрсетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ресейлік өнер жұлдыздары гастрольдік сапармен Ақтөбеге келген болатын.

«Андрей Разин нейрохирургия кафедрасының травматология курсынан көмек сұрады. Ол қолы ауыратынын, сондықтан концерт кезінде қиындық тудыратынын айтты. Бұл кәсіби дерт десе де болады. Әнші әрі продюсерге шұғыл медициналық көмек көрсетілді», - деді университетің нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі Михаил Бирючков.