Ақтөбе облысының жаңалықтары

Депутат балаларды киіндірді

2019-10-18 313

Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясының мүшесі Ғалымжан Елеуов бір отбасының үш баласын киіндіріп, ауыз су құдығына қажетті құрал-жабдықты сатып алып берді, деп хабарлайды  Aktobenews.kz тілшісі.

Партияның облыстық филиалында депутат қоғамдық қабылдау жүргізді. Көпбалалы аналар мектепте оқитын балаларына қысқы киім сұрап, бірі ауыз су мәселесі жайын айтты. Мәселен, Гүлмереке Тағанақованың үш баласын киіндірді.  

«Балалар қажеттілігі түгел өтелді. Сонымен қатар мен отбасы жағдайымен аяқтай алмай қалған оқуымды қайта жалғастыратын болдым. Ризашылығымыз шексіз», - деді көпбалалы ана.

Ал Анаргүл Мұхитова ауыз су құбыры құдығына арналған сақиналарды алуға және ер жетіп қалған баласының киім-кешегіне қаражаты жетпей жүргенін айтқан еді. Депутат көпбалалы ананың үйіне барып, ауыз су құдығына қажетті құрал-жабдықты алып берді.

Депутаттың қабылдауына 11 адам келді. Тұрғындар оқу, жұмысқа орналасу және денсаулыққа қатысты мәселелерін айтып, көмек сұрады.