Ақтөбе облысының жаңалықтары

Нан бағасына талдау жүргізіледі

2019-10-17 295

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті нан бағасының өсуіне байланысты талдау жүргізеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласында нан бағасы 2 теңгеге өсті. Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Рамазан», «Ақтөбе нан», «Атамекен нан 2000» ЖШС-і нанды 2 теңгеге қымбаттатты.

«Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу мақсатында департамент Ақтөбе облысында ұн мен нанды өндіру және көтерме саудадағы бағаға талдайды. Негізі 2 теңгеге қымбаттады деп айтқанымен жыл басынан бері 5-7 теңгеге өскен. Өзара келісім бар ма, баға негізсіз көтерілді ме деген сұрақтарға жауап болады», - деді Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Сағындық Ерғалиев.

Айта кетейік, департамент бұған дейін жұмсақ қаптамадағы пастерленген сүтті тексерді. Себебі сүт өндіруші қаптама сыртына «2,5%; 3,2%» деп жазып, екі майлылықты белгілеп қойған. Өндіруші бұл қателікті 10 күн ішінде жоюы тиіс.