Ақтөбе облысының жаңалықтары

Мұғалімге сыйлық беруге болмайды

2019-10-11 218

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов «Пара берме!» жобасының басталғанын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Пара беру, пара алу, тіпті сыйлық жасаудың қылмыс екенін мектепте, колледж бен жоғары оқу орнында жиі айтып жүр. Биыл облыста пара беру бойынша үш қылмыстық іс тіркелген. Оның біреуі сотқа жетіп, үкім шықты. Ал екі дерек бойынша өкініп, кешірім сұраған соң іс тоқтатылды. Онда кәсіпкер мемлекеттік қызметкер ақша ұсынған. Сыйлық беріп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған 5 жеке тұлға өз істері үшін 2,5 миллион теңге айыппұл төлеген.

«Мектеп, колледж, жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Сол жерде заң талаптары кең түсіндіріледі. Әлеуметтік сауалнама да жүргізіледі. Сыйлық беруге болмайды. Егер берілген сый 2 АЕК асып кетсе, ол пара беру деп аталып, қылмыстық іс қозғалады. Ал оған дейінгі, яғни, 5 мың теңгеге дейін сый берсе әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов.