Ақтөбе облысының жаңалықтары

Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейді

2019-10-10 45

 

Көрнекі фото

Ақтөбеде өткен тоғыз ай ішінде 2993 тұрмыстық зорлық-зомбылық тіркелді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде әйелдер үшін үш дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр. Ерте жүкті болғандар, жүкті кезінде барар жері қалмағандар «Ана үйіне» жіберіледі. Ал отбасындағы дау-жанжал кезінде зәбір көрген аналар «Малика» дағдарыс орталығын паналайды.

«9 айдық қорытындысы бойынша 2993 тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелді. Өткен жылы дәл осы кезде 2626 оқиға болды. Яғни, өсім бар. Әйелдерді ұрып-соғу бойынша 502, әйелдерге қатысты жасалған қылмыс 259 дерек тіркелді», - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті Әйелдердің құқығын қорғау жөніндегі инспектор Ақгүл Есенғалиева.