Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде үш мыңнан аса отбасы мемлекеттік көмекті заңсыз жолмен алып келген

2019-10-10 31

Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз жолмен алғандар қаржыны кейін қайтарып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.  

Әлеуметтік көмек алатындардың арасында құжаттарын өзгертіп, өзінің табысын жасырып келген 3 488 отбасы анықталған. Тексерістің нәтижесінде аталғандардың ішінде жылдық табысы он милллионнан асып артылатын кәсіпкерлерде кездескен. Қазіргі уақытта алынған қаржыны кейін қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Көптеген азаматтар өздерінің табыстарын жасырып немесе құжаттарын өзгерту арқылы атаулы әлеуметтік көмек алып келген. Араларында жұмыс берушімен өзара келісіп ең төменгі жалақы деңгейін жаздырып алғандар да бар. Жағдайы бар отбасылар кірісін жасырып теріс әрекетке барып отырғандары да анықталды. Бүгінде 1199 отбасыға төлемақы тоқталып, 1804 отбасыға қайта есептеулер жүргізіліп жатыр. 55 отбасыға тағайындалған төлемақылар өзгеріс енгізілгеннен кейін тоқтатылады. Жұмыстардың нәтижесінде 144 отбасыдан 13 миллион теңге көлемінде қаржы кері қайтарылды. Қалған отбасылардан да алған төлемақыларын кері алынады. Егер көнбеген жағдайда сот арқылы шешіледі. Қазіргі уақытта тиісті орындарға тапсырма беріліп, жұмыс күшейтіліп жатыр», - дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов.