Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ерте жүктілік мәселесі әлі шешілмей тұр

2019-10-10 37
Көрнекі фото

Бұл туралы облыстың бас жасөспірімдер гинекологы колледж студенттерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Жыл өткен сайын кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктілік азайып келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Дегенмен проблема сол күйі қалып отыр. Мәселен, Эстонияда мұндай дерек мүлде тіркелмейді. Жастар, жасөспірімдер дәрігерге қаралып, кеңес алудан қорықпауы тиіс. Біз ешкімге жекіп, ұрыспаймыз. Облыста санаулы ғана маман болған соң барлық жасөспірімді бақылап, қамти алмаймыз. Сондықтан кез келген уақытта дәрігердің есігі ашық, бәрі тегін», - деді гинеколог Салтанат Тобылбаева.

Айта кетейік, облыс бойынша кәмелетке толмаған 70-тен астам қыз жүкті болып қалған.