Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ресей және Солтүстік Корея жалған ақпаратпен бірігіп күреспек

2019-10-10 266
Көрнекі сурет

Ресейдің ТАСС агенттігі және Кореяның орталық телеграф агенттігі Пхеньянда әріптестік туралы жаңа келісімге қол қойды. Екі агенттік жалған ақпаратпен күреске басымдық беруге келісті, деп жазады Азаттық.

"Ақпарат саласында деректердің бұрмалануын жиі байқап жүрміз, жалған ақпаратпен күресуіміз қажет" деді Кореяның орталық телеграф агенттігінің бас директоры Ким Чан Гван.

Бұған дейін Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігінің ақпарат департаментінің директоры Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдары "Вашингтон мен Пхеньян арасындағы дау бойынша Солтүстік Кореяның позициясын шынайы және объективті жеткізеді" деп айтқан.

Пхеньянға барған Ресей делегациясының құрамында "Роспечать" басшысы Михаил Сеславинский, Бірінші арна басшысы Константин Эрнст, ТАСС агенттігінің өкілдері Сергей Михайлов, Михаил Гусман және Марат Абулхатин болған.