Ақтөбе облысының жаңалықтары

Химия бойынша Нобель сыйлығын үш ғалым иеленді

2019-10-10 216
Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары: Джон Гудэнаф, Стэнли Уиттинхэм және Акира Ёсино.

Стокгольмде химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды. Биыл бұл сыйлық литий-ион аккумуляторын ойлап тапқан үш ғалым: Джон Гудэнаф (АҚШ), Стэнли Уиттинхэм (Ұлыбритания) және Акира Ёсиноға (Жапония) берілді, деп хабарлайды Азаттық.

Бұл химик-ғалымдардың ашқан жаңалықтарының арқасында жеңіл аккумулятор пайда болған. Литий-ион аккумуляторы тек ұялы телефон ғана емес, электромобильдерді де зарядтайды.

WATCH LIVE: Join us for the 2019 Nobel Prize in Chemistry announcement.

Hear the breaking news first – see the live coverage from 11:45am CEST.

Where are you watching from?#NobelPrizehttps://t.co/gRwDd5urmp
— The Nobel Prize (@NobelPrize) 9 октября 2019 г.

Өткен жылы химия бойынша Нобель сыйлығын Америка ғалымдары Фрэнсис Арнольд (ферменттер эволюциясы саласында жүргізген зерттеулері үшіні), Джордж Смит пен Грегори Уинтер (пептид пен антиденені зерттегені үшін) алған. Бұл ғалымдардың зерттеулері жасушалар мен микробтардың үш өлшемді кескінін өте жоғары сапада жасауға мүмкіндік береді.

Нобель сыйлығын швед өнертапқышы әрі өнеркәсіпші Альфред Нобель тағайындаған. Бұл сыйлық пен оның бір миллион долларға жуықтайтын ақшалай жүлдесі Альфред Нобель қайтыс болған күн - 10 желтоқсанда табысталады.

Осы аптада бейбітшілік және әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталады. Биыл әдебиет бойынша сыйлық екі адамға табысталады. Былтыр жыныстық бопсалау дауынан кейін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы берілмеген.