Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жанаргүл Дүйсекенованың ісі сотқа түсті

2019-10-09 392

Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекеноваға қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шенеунік ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылған болатын. 12 сәуірде мамандандырылған тергеу сотымен қамауға алынған шенді кейін денсаулығына байланысты үйқамаққа шығарылды.

Алты айға созылған тергеу жұмыстары аяқталып, қылмыстық іс сотқа жетті. Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысына  2015-2018 жылдары 30-дан аса адамның сеніміне кіріп алдаған деген айып тағылды. Тергеу материалдарында келтірілген шығын 100 млн теңгені құрайтыны айтылады.