Ақтөбе облысының жаңалықтары

Сенат төрағасы ақтөбелік жастармен сельфиге түсті

2019-10-08 264

Кеше қызметтік сапармен Ақтөбе облысына келген Дариға Назарбаева белсенді жастармен кездесті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.


Еркін форматта өткен басқосуға түрлі салада белсенділік танытып жүрген жұмысшы, ерікті және студент жастар жиналды. Кездесу барысында Сенат төрағасы жастарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беріп, айтылған ұсыныстарды қабылдады. Алдағы кезеңдегі волонтерлар жылы жастар үшін көп мүмкіндік екенін жеткізді. Жастармен тіл, білім алу, қоғамдағы әйел орыны, өнер, қазақ киносы жайлы сұхбат құрды. Сонымен қатар, жақында шыққан «Томирис» киносы туралы да өз пікірін білдіріп өтті.


«Басында сын көзбен қарағанмен кемшілік таба алмадым. Үлкен көлемді кино шыққанына сондай қуандым. Әртістердің ойнауы мен шығармашылық топтың жұмысы жоғары дәрежеде болғаны көрініп тұр. Келесі жарық көретін тарихи кино ерекше тұлға Қасым хан жайлы болады», - деді Сенат төрағасы.


Кездесу соңында Дариға Назарбаева ақтөблік белсенді жастармен естелік сельфиге түсті.