Ақтөбе облысының жаңалықтары

Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді

2019-10-08 60

Әнші Димаш Құдайберген қараша айында Жапония астанасы Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Ол музыкалық шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған. Димаштан бөлек, бұл беделді телевизиялық фестивальде Түркия, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Қытай, Индонезия және үндістандық жұлдыздар да көрерменге өз әндерін ұсынбақ.

Айта кетейік, шараны «Хабар» телеарнасы өз эфирінде көрсетеді.