Ақтөбе облысының жаңалықтары

Дариға Назарбаева: Халықпен жұмыста атүстілік пен салғырттықтан арылу керек

2019-10-07 320

 

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Назарбаеваның айтуынша, өкілді органдар жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде аса маңызды рөл атқарады.

Сенатта аймақтармен ынтымақтастықты арттыруға арналған жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

Дариға Назарбаева мәслихат депутаттарын құжатты белсенді түрде талқылауға шақырды.

Сенат Төрағасы мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде олардың жұмысының дербестігін арттыру қажеттігін атап өтті.

«Біз Сенаттың жанында жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрдық және оған зор үміт артып отырмыз. Мәслихатпен байланыс тығыз әрі белсенді және екіжақты болғанын қалар едік», — деп атап өтті Дариға Назарбаева.

Сенат басшысының пікірінше, халықпен жұмыс жасаудың жаңа түрі керек болады, жұртшылықтың қатысуымен көшпелі отырыстарды үздіксіз өткізіп, жасалған жұмыстар туралы ресми сайттарда ғана емес, әлеуметтік желілерде де кеңінен жариялау қажет. Д.Назарбаева бұл ретте осы жұмыстар атүсті жасалмай әрі сөз жүзінде қалмай, нақты мазмұнға ие болуы керектігін атап өтті.

Д.Назарбаева ұлттық мәдени орталықтар басшыларымен сол күнгі болған кездесуде аймақтардағы ассамблеялардың мәртебесін нығайтуды, атап айтқанда жастарды мәдени орталықтар жұмысына тарту, сондай-ақ түрлі ұлт өкілдері үшін әлеуметтік лифт жүйесін құру мәселелерін талқылады.