Ақтөбе облысының жаңалықтары

Бердібек Сапарбаев: Медсақтандыруда АСП-дағыдай шу шығарып алмауымыз керек

2019-10-04 1095


ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша Қарағанды облысында басқосу өткізді. Шараға барлық облыс әкімдерінің орынбасарлары мен облыстық денсаулық сақтау басқармалары басшылары қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі Tilshi.kz сайтына сілтеме жасап.

Бердібек Машбекұлы медициналық сақтандыру жүйесін енгізуде кей өңірлерде мәселе барын жеткізді.
"Атаулы әлеуметтік көмекке (АСП) қатысты айқай-шудың барлығын, шынымызды айтсақ, өзіміз шығарып алдық. Медициналық сақтандыруда сондай болмау керек. Егер осы жерде солай жасасақ, ана зейнетақы қоры бойынша шу шығарып алсақ, халыққа не айтамыз?!" , - деді вице-премьер.

Бердібек Сапарбаев жиналғандарды дұрыс жұмыс істеуге тапсырды.
"Қараша айына дейін медициналық сақтандыру бойынша кемшін тұстарды дұрыстауымыз керек. Жұмыс істейік", - деді ол.

Айта кетейік, бүгінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 600 мыңнан астам адам әлі тіркеуге алынбаған.