Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде жолақы екі есеге арзандайды

2019-10-04 1117


7 қазаннан бастап жолақыны Visa банк карточкаларымен төлеген тұрғындарға 50%-дық жеңілдік беріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әзірге мұндай жаңашыллдық терминалдар орнатылған «ПАТП» автобустарында жүзеге асады. Сондай-ақ, бұл шара тек келесі жылдың 7 қаңтарына дейін жүреді.
«Енді тиын санаудың қажеті жоқ немесе банкомат іздеудің керегі шамалы. Visa карточкаларымен жолақыны төлесеңіз екі есе үнемдейсіз. Мәселен, тұрғын 80 теңгенің орнына 40 теңге, зейнеткерлер 30 теңге төлейтін болады», - деді мекеме басшысының орынбасары Александр Лисицкий.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды қолма-қол ақшасыз төлем жасауға қызықтыру. Қазіргі таңда №1, 2, 5, 8, 23, 32, 40, 45, 48, 51, 52 бағыттары бойынша электронды төлем қабылданады. Жоспарға сәйкес, ай соңына дейін «ПАТП» автобустарының барлығы жаңа төлем жүйесімен жабдықталады.

Терминалардар істемесе немесе кондуктор карточкамен төлемді қабылдамаған жағдайда +77086025800 байланыс нөмірі бойынша мекеменің кезекшілігіне хабарласуға болады.