Ақтөбе облысының жаңалықтары

Мектеп оқушысы көз жұмды

2019-10-03 1132


Сегізінші сынып оқушысының денесін анасы тапқан,-деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қаладағы №6 мектеп оқушысының не себепті суицидке барғаны белгісіз. Жасөспірімнің жұмбақ өлімге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
«30 қыркүйек күні кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім өз үйінде асылып қалған. Жасөспірім үйінің үлкені. Әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Үйіне оралған анасы ұлын асылып қалған күйінде тапты. Бала ешқандай есепте тұрмаған, оқу орны бойынша жағымды сипатталады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105 бабы 3 тармағымен сот алды тергеу амалдары басталды»»,-деп хабарлайды ПД.